Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматы облысының  тұрғынынан «гашиш» есірткі затының ірі партиясын тәркіледі

АЛМАТЫ, 04 маусым. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері Алматы облысының тұрғынын “Гашиш” есірткі затының ірі партиясын, яғни 2 келі 610 грамм есірткі затын сақтағаны үшін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті Алматы облысы Көксу станциясының 58 жастағы тұрғыны.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында тұрғын үйінде есірткінің ірі партиясын заңсыз сақтаған адам анықталды. Қызметтік-іздестіру иттерін пайдалана отырып санкцияланған тінту барысында диванның астынан ерекше иісті өсімдік заты бар полиэтилен пакеттер табылды. Тәркіленген зат қылмыстық іске қосылып, сараптамаға жіберілді, – деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Қазбек Мұхамедов.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 61 килограмнан астам есірткі затын тәркілеген. Оның 304 грамм героин, 57 келі марихуана және екі келі гашиш.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *