НҰР-СҰЛТАН, 07 маусым. Бүгін Эль-Хасака провинциясында (Сирияның солтүстік-шығысы) болған бомба жарылысынан кемінде сегіз адам қаза тауып, тағы жетеуі жарақат алды. Бұл туралы SANA Сириялық мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .
Агенттіктің хабарлауынша, жарылыс Эль-Хасака провинциясының солтүстік-батыс бөлігіндегі Рас-эль-Айн қаласынан оңтүстікке қарай орналасқан Таль Халаф аймағында болған.