НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым. Тәжікстан ІІМ-нің қызметкерлері Еуропадан ел астанасы Душанбеге синтетикалық есірткі жеткізетін ірі арнаны әшкерлеп, 40 килограмға жуық апиын мен 2,2 мыңнан астам экстази таблеткаларын тәркіледі, деп Душанбенің ІІМБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Милиция 32 жастағы Тәжікстан азаматын ұстады, тінту кезінде одан экстазидің 2 мың 224 таблеткасы тәркіленді.
Есірткі заттарын шай пакеттеріне салып, оларды жүк көліктерінде тасымалдаған жеткізуші халықаралық іздеуге жарияланды.
Сонымен қатар, Душанбеде Тәжікстанның Таулы Бадахшан облысының үш тұрғыны салмағы 23 келіден асатын апиын сақтады деген күдікпен ұсталды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері олардан шамамен 40 келі апиын тәркіледі.
Сондай-ақ, Согды және Хатлон облыстарының екі тұрғыны ұсталды, олардан 15 келі апиын табылды.
Мекемеде аталған фактілердің барлығына «Есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы» бабы бойынша қылмыстық істер қозғалғанын, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтілді.