Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркия мен Ресей әскери іс-қимылдарды тоқтату режимінің бұзушылығын тіркеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым. Сириядағы соғыс қимылдарының тоқтатылуын бұзу жөніндегі комиссияның құрамында Ресей күніне үш, Түркия — екі бұзушылықты тіркеді, деп Ресей қорғаныс министрлігінің Facebook парақшасындағы ақпараттық бюллетеньге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

«Ұрыс қимылдарын тоқтату режимін бұзу фактілеріне байланысты мәселелерді қарау бойынша Ресей-түрік бірлескен комиссиясы өкілдігінің ресейлік бөлімі Алеппо провинциясында – екі, Идлиб провинциясында бір  оқ ашу фактісі тіркеді. Өкілдіктің түрік бөлігі Идлиб провинциясында оқ атудың екі фактісін тіркеді», — делінген хабарламада.

Соғысушы тараптарды татуластыру және босқындардың қозғалысына бақылау жасау орталығы  тәулік ішінде гуманитарлық акцияларды өткізбегені атап өтілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *