НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым. Ауғанстан билігі «Талибан» қозғалысының (ҚР тыйым салынған ұйым) 3,8 мыңнан астам содырын босатты. Бұл туралы 27 маусымда ел президентінің ресми өкілі Седик Седиккидің мәлімдемесіне сілтеме жасап Tolo News хабарлады, деп REGNUM ақпараттық агенттігі жазады.
Жалпы 3895 содыр босатылды деп хабарланады. Кейін Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Талибан» қозғалысының (ҚР тыйым салынған ұйым) Катардағы саяси кеңсенің ресми өкілі Сухейль Шахин тәлібтер Бадахшан провинциясында Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің 34 қызметкерін босатты деп жазды.
Осыған дейін хабарлағандай , Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джавид Файсал Ауғанстанда келісім бойынша кемінде екі мың «Талибан» содырының босатылғанын айтты. Шенеунік топ мүшелері бұдан былай үкіметтік күштерге қарсы соғыспайтын жағдайда босатылатынын баса айтты.
Еске салсақ, 29 ақпанда Катар астанасы Дохада «Талибан» содырлары (ҚР тыйым салынған ұйым) мен АҚШ арасында бейбіт келісім жасалды. Келісімдер бойынша Ауғанстан түрмелерінен 5 мыңға жуық лаңкес босатылуы тиіс.