НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым. Нигерия армиясы елдің солтүстік-батысындағы ауылға шабуыл жасаған содырларды жойды, деп Нигерия қарулы күштеріндегі дереккөз хабарлайды. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM жазады.
Белгісіз содырлар елдің солтүстік-батысындағы Касина штатындағы Мара Замфарава ауылына шабуыл жасады деп хабарланады. Нигерияның әскери қызметкерлері бірнеше шабуылдаушыларды жойды. Жараланғандар мен қаза тапқандардың нақты саны туралы мәлімет жоқ.
Осыған дейін хабарлағандай , 26 маусымда Нигерия армиясы елдің солтүстік-батысындағы Думору орманында содырларға қарсы әскери операция өткізді. Арнайы операция нәтижесінде содырлардың екі базасы жойылды, заңсыз бандалардың бірнеше басшысы өлтірілді.