НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым. Ауғанстанның Гильменд провинциясында миномет оғынан кем дегенде 10 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды. Бұл туралы Ariana News телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .
Арнаның ақпараты бойынша, Сангин үйезінің тұрғын ауданында бірнеше миномет снарядтар жарылды.
Ел аумағында әрекет ететін экстремистік топтардың ешқайсысы әлі болған оқиға үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.