Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Әуе шабуылының нәтижесінде Ирактың солтүстігінде ИМ 11 содыры жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 01 шілде. Ирактың солтүстігінде «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым) лаңкестік  тобының 11 содыры өлтірілді. Бұл туралы Ирак қарулы күштерінің бірлескен қолбасшылығы таратқан мәлімдемеге сілтеме жасап  Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады .

Мәлімдемеде айтылғандай, АҚШ басқарған ИМ-мен  (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) күрес жөніндегі халықаралық коалициясы сейсенбі күні  Найнава мухафазының әкімшілік орталығы — Мосулдан оңтүстікке қарай, содырлар жасырынған туннельге әуеден шабуыл жасады. Операция барысында басшыны қоса алғанда, 11 содыр өлтірілді.

Еске салайық, 2017 жылдың соңында Иракт ИМ лаңкестік тобын (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) жеңіп шыққаны туралы жариялады. Бірақ экстремистер әлі күнге дейін елдің кейбір аудандарына шабуыл жасайды. Соңғы уақытта олардың шабуылдары жиілеп кетті, бұған жауап ретінде Ирак қауіпсіздік күштері лаңкестікке қарсы операцияларды күшейтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *