Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Карачай-Черкессияда «Ат-Такфир Валь Хиджраның» бес белсенді мүшесі ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 03 шілде. Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметі Карачай-Черкесс республикасы аумағында Ресейде тыйым салынған «Ат-Такфир Валь-Хиджра» экстремистік діни бірлестігінің бес белсенді мүшесін ұстады, деп РФ ФҚҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Бірлестіктің мүшелері радикалды идеологияны белсенді насихаттап, діни-экстремистік қызметке жаңа жақтаушыларды тартқан.  Олар діндарларды зайырлы заңдар мен азаматтық қоғам институттарын қабылдамауға шақырды, сонымен бірге Солтүстік Кавказ жерінде теократиялық ислам мемлекетін – «Халифатты» құруды қолдады.

«Ат-Такфир Валь-Хиджра» жақтаушыларының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) тұрғылықты және жасырын түрде жиналатын мекен-жайлары бойынша жалған діни экстремистік әдебиеттің 45 данасы, радикалды уағыздаушылардың дәрістері жазылған 10 қолжазба мәтіндері, атыс оқ-дәрілермен атуға арналған травматикалық тапанша, оның оқ-дәрілері, аңшылық шолақ мылтық, пневматикалық тапанша және суық қару табылып, тәркіленді.

Жиналған материалдардың негізінде Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметі Ресейдің Қылмыстық кодексінің 282.2 бабының 1 және 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады

Ұсталғандар кінәларын мойындап, жауап беруде. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *