Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ата-аналардың балаларымен өткізетін уақытының аздығы жастардың жиі адасуына алып келеді  

НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде. Жат ағымдар туралы айтқанда ең алдымен жастардың мәселесі алға шығады. Себебі, деструктивті діни ағымды таратушылар алдымен жастарды жандарына жиюға тырысады. Олардың сенгіш, ақпараттарды талдай білмейтінін жақсы біледі, деп Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Шәрібай Тобжанов kazislam.kz сайтында жазады. 

Бүгінде жастардың 100 пайызға жуығы ғаламтор меңгерген. Ал, жалған діни ұстанымды таратушыларға әлеуметтік желілер арқылы насихат жүргізген өте оңай әрі оңтайлы. Олар осы әдіс арқылы адам психологиясына қалай әсер ету керектігін жақсы біледі.

Ғаламтор жайлы кеңірек әңгімелейтін болсақ, бір минутта ютубта 400 сағаттық видео жүктеледі, ватсапта 50 млрд смс хаттар жіберіледі, инстаграмда 50 мың сурет жүктеледі. Ал, гуглға минутына 4 млн рет сұраныс түседі. Әрбір минутта ВКонтакте парақшасында 3,5 млн пост жасалады екен.

Осылардың ішінде қаншасы діни ақпарат екенін ешкім білмейді. Жоғарыда аталған цифрлардың 1 ғана пайызы деструктивті діни ағымдардың таратқан мәліметі дейтін болсақ, онда миллиондаған жастың бір сағат ішінде психологиясы өзгеріске ұшырады деген сөз.

Біздің дін орталығының мамандары мектептегі, орта және жоғарғы оқу орындарындағы жастармен жиі кездесулер ұйымдастырамыз. Әр кездесулерде оларға түрлі анкеталар таратып, ойларын білуге тырысамыз. Сауалнамамыз көрсеткендей, жастардың 60-70 пайызы діни білім туралы ақпаратты ғаламтордан алады екен. Ал, әлеуметтік желілердегі ақпараттың бәрі ақиқат деп айтуға болмайды. Осыған қарап-ақ деструктивті діни ағымдардың теріс идеологияларының ағын судай тасып жатқанын аңғару қиын емес.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары әрдайым әлеуметтік желілерге талдау жүргізіп отырады.

Орталықтың «Интернет және БАҚ-пен жұмыс бөлімі» қызметкерлері Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетінің дінтану сараптамасына айына күмәнді делінген 20-ға жуық ақпарат жібереді. Олардың ішінде аккаунт, электронды кітаптардың сілтемелері бар. Комитет мақұлдаған 7-8 ақпарат пен аккаунт жойылады. Бірақ, келесі айда тағы сараптама жасағанда біз жойған ақпараттар өзге аккаунттар мен желілерде қайта көрініс табады. Бұл дегеніміз интернет желілеріндегі ақпараттарды мүлдем жою мүмкін емес деген сөз.

Теріс діни ағымдарды насихаттайтын ақпараттардың кең етек алуының себебін де анықтауға тырыстық. Тағы сол жастар арасында сауалнама өткізіп, зерттеу жасағанымызда жастар ВКонтакте, Инстаграм, Одноклассники желілерінен лақап (фейк) атпен жеке парақшаны 5-10 минут ішінде ашып, оны қолдана алатындарын жеткізді. Демек, әлеуметтік желілердегі ақпаратты біз жойып, оларды таратушы аккаунттарды өшіргенімізбен оны өзгеше етіп қайта ашудың еш қиындығы жоғын білдік. Ал, бізге олардың таратқан теріс ақпараттарын жою үшін біраз уақыт жұмсауымызға тура келеді.

Бүгінде ата-аналардың балаларымен өткізетін уақытының аздығы да жастардың жиі адасуына алып келетіндігін айта кету керек. Жастар мен жасөспірімдердің сөзінше, ата-аналары күндіз жұмыста жүретіндіктен тәрбиелік бағытқа немқұрайлы қарайды. Әрине, әке-шешесі сол балалардың жақсы жағдайы үшін тынымсыз еңбек етеді, шаршап үйіне келеді. Балаларының өзге уақыттарда немен шұғылданып жүргенін зерттей бермейді. Күндізгі тәрбиесін оқу орындарындағы ұстаздарына артып қойған. Балаларына қымбат ұялы телефон алып бергенімен, оның ішінде қай ақпарат ұрпағының санасын улап жатқанын сезбейді. Күндіз немен айналысып жүргенінен хабарсыз.

Ұлы немесе қызы дінге бет бұрса, балам имандылыққа бет бұрды деп қуанады. Шын мәнісінде, ол қандай дін ұстанғанын ұқпайды. Сол үшін әрбір ата-ана өз баласының өзінің және мемлекеттің болашағы екеніне баса мән беру керек. Тәрбиесімен жіті айналысып, оның озық ойлы азамат болып қалыптасуын қатаң бақылауға алғаны жөн. Өйтпеген жағдайда, деструктивті ағымдар әке-шешенің бұл қателігін мүлт жібермей, өз мақсаттарына пайдалануы әбден мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *