НҰР-СҰЛТАН, 05 шілде. Сенбі күні таңертең Сомали астанасы Могадишо қаласында күшті жарылыс болып, кемінде жеті адам жарақат алды. Бұл туралы медициналық қайырымдылық ұйымына сілтеме жасап Синьхуа ақпараттық агенттігі хабарлады .
Жедел жәрдем қызметінің директоры Абдикадир Абдиррахман Хаджи Аден елорданың теңіз портында жанкешті лаңкес жасаған жарылыс салдарынан бірнеше адам дене жарақатын алғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, порт қызметкерлерінің бірі Reuters агенттігіне хабарлағандай, елорданың портындағы жарылыспен қатар, атыс та естілді.
«Қауіпсіздік күштері оқиға болған аймақты қоршауға алды», — деп қосты ол.
Могадишо полициясы зардап шеккендер туралы ақпаратты әлі растаған жоқ.