НҰР-СҰЛТАН, 06 шілде. Белгісіз біреулер жексенбіге қараған түні Бағдадтың «жасыл аймағындағы» АҚШ елшілігіне зымыранмен оқ атты. Бұл туралы Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .
Ирактың «Диджля» жерсеріктік телеарнасының хабарлауынша, зымырандардың кейбірін «Патриот» зениттік зымыран жүйелері ұстап алған. Арнаның ақпараты бойынша, бірнеше снаряд «жасыл аймақ» аймағында құлаған.
Бүлінулер туралы ақпарат берілмеген.
Бағдадтың «жасыл аймағы» — бұл үкіметтің негізгі ғимараттары мен шетелдік дипломатиялық өкілдіктер орналасқан аудан.