НҰР-СҰЛТАН, 08 шілде. Амур облысында Благовещенск аудандық соты терроризмді насихаттауға айыпталушыны екі ай мерзімге қамауға алды, деп REGNUM ақпараттық агенттігіне соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Ұсталған адамға «Ислам мемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымының (ҚР тыйым салынған ұйым) идеологиясының радикалды көзқарастарын негіздей отырып, қарулы әрекеттерге шақыруды таратқаны үшін айып тағылуда. Ол аймақта экстремистік ұяшық құруға тырысқан.
Бұған дейін хабарлағандай , Барнаул әуежайында 22 жасар Орталық Азия елінің азаматы ұсталды. Ер азамат Таяу Шығысқа барып «Ислам мемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымының (ҚР тыйым салынған ұйым) қарулы күштерінің құрамында соғыс қимылдарына қатысуды жоспарлаған.