НҰР-СҰЛТАН, 09 шілде. Абуджадан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, сейсенбі күні Нигерия әскери күштері «Боко Харам» экстремистік тобының кемінде 17 содырын жойды. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады .
Мәлімдемеде Нигерия әскери күштері сейсенбі күні Борно штатында содырлармен атыс жүргізіп, олардың кем дегенде 17-ін өлтіргені айтылған. Ұрыста екі сарбаз да қаза тапты, тағы төрт адам жараланды.
«Боко Харам» садырлары соңғы уақытта Борно штатында белсенділік танытты. 6 шілде күні Нигерия әскері экстремистердің ауылға жоспарлаған шабуылын болдырмай, бірнеше содырын жойды.