НҰР-СҰЛТАН, 09 шілде. Ауғанстанда алты адамның өмірін қиған екі шабуылды кім ұйымдастырғаны белгілі болды. 1TV телеарнасы хабарлағандай, шабуылдар үшін жауапкершілікті «Талибан» радикалды қозғалысының (ҚР қызметiне тыйым салынған ұйым) содырлары өз мойнына алды, деп REGNUM ақпарат агенттігі жазады.
«Екі шабуыл үшін жауапкершілікті тәлібтер (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым мүшелері) өз мойнына алды», — делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, 7 шілде күні таңертең жанкешті лаңкес Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар қаласындағы полиция бөлімшесіне шабуыл жасаған. Салдарынан кем дегенде үш полиция қызметкері қаза тауып, тағы 20 адам жарақат алды.
Сол күні Газни провинциясында Дех-Як ауданының полиция бастығы өлтірілді. Сондай-ақ, жол бойындағы жарылыс салдарынан екі қауіпсіздік қызметкері де қаза тапты.