НҰР-СҰЛТАН, 09 шілде. Венесуэла әскери күштері есірткі сатушыларға тиесілі американдық тіркеу нөмірі бар шағын ұшақты атып түсірді. Бұл туралы Оңтүстік Америка республикасының стратегиялық жедел қолбасшылығына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .
Мекеме мәліметтері бойынша, әскерилер «7 шілдеде түнде Венесуэланың әуе кеңістігінде американдық тіркеу нөмірі бар есірткі саудагерлерінің ұшағын байқады».
«Заңда белгіленген хаттама орындалғаннан кейін біздің Әскери әуе күштерінің ұшақтары кемені бейтараптандыруға кірісті», — делінген қолбасшылықтың Twitter-інде.
Оқиға жайлы басқа ақпарат берілмеген.
2013 жылы Венесуэлада ел аумағынан ұшып бара жатқан есірткі саудагерлерінің ұшақтарын атып түсіруге мүмкіндік беретін заң күшіне енді.