Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ұлттық қауіпсіздік күштері Тунистегі лаңкестік шабуылдың алдын алды

 

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде. Тунистің ұлттық қауіпсіздік органдары туристік орындар мен мемлекеттік мекемелерге бағытталған лаңкестік шабуылдын алдын алды. Бұл туралы Солтүстік Африка елінің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .

Лаңкестікке қарсы қызмет қызметкерлері алынған ақпарат негізінде іс-қимыл жасай отырып, Тунис қаласында бірнеше лаңкесті ұстап, олардың шабуыл жасау әрекеттерінің алдын алды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ұсталғандардың бірі экстремистік идеялардың ықпалымен шетелде жүрген лаңкестермен байланыс орнатып, жақтаушыларын тартып, туристік жерлер мен үкіметтік құрылымдарға қарсы теракт жасауды жоспарлағанын мойындады.

Тунис Африка құрлығының солтүстігінде орналасқан және Жерорта теңізімен шектеседі. 2015 жылы елде 70-тен астам адамның өмірін қиған үш ауқымды лаңкестік шабуыл болды. Зардап шеккендердің көпшілігі шетелдік туристер мен қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері. Осыдан кейін Тунис үкіметі лаңкестікке қарсы қатты соққы беріп, қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *