НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде. Белгісіз біреу Домодедово әуежайы ғимаратының және тұрақтағы барлық ұшақтардың «миналануы» туралы хабарлама жіберді, деп төтенше жағдайлар қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Белгісіз біреулер Домодедово әуежайының тұрағындағы барлық ұшақтардың және әуежай ғимаратының «миналанғаны» туралы электрондық пошта арқылы хабарлаған . Ұшақ пен ғимаратты кинологтар», — деп хабарлады дереккөз.
Әуе айлағы жұмысын жалғастыруда, эвакуация жүргізілмейді.
«Анонимдік қауіптер келіп түскен кезде қауіпсіздіктің стандартты рәсімдері қарастырылған. Бұл жағдай ерекше емес. Әуежай қызметі ақпарат алғаннан кейін әлеуетті құрылымдарымен бірлесіп қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шаралар енгізді», — деп Домодедово әуежайының баспасөз қызметі түсіндірді.
Соңғы рет Домодедово әуежайы мен оның барлық ұшақтары бір ай бұрын — 15 маусымда «миналанған». Ол кезде қауіп жалған болып шықты.