НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде.18 шілде күні Нигерияның солтүстігінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғының жарылысы кезінде жеті бала қаза болды. Бұл туралы Нигерияның This day газетіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Балалар жарылыс болған кезде құс фабрикасының жанында үй жануарларына шөп жинап жатқан, — деп басылым жергілікті билік өкілі Исияку Абубакардың сөзің келтіреді . — Жеті бала оқиға орнында көз жұмды, төртеуі ауыр жарақат алып, қазір ауруханада жатыр».
Абубакар оқиғалар Кацина штатындағы Ямама ауылында болғанын мәлімдеді.
Нигермен шекаралас орналасқан осы Нигерия штатының аумағында құн алу үшін адамдарды кепілге алатын, мал ұрлайтын, түрлі төлемдер алу үшін тұрғындарды қорқытатын көптеген бандиттік топтар бар. Әскер бөлімшелері осы топтарға қарсы күресуде.