Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

2017 жылы Каталонияда болған лаңкестік іс бойынша тұтқындалғандар 41 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде. Испания прокуратурасы 2017 жылдың тамызында Каталонияда лаңкестік әрекет ұйымдастырды деп айыпталған лаңкестік ұяшықтың мүшелері үшін 41 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Бұл туралы El Periodico газетіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды .

БАҚ ақпараты бойынша, прокуратура Мұхаммед Хоули Шемлял үшін жазаның ең ұзақ мерзімін  талап етеді. Тағы бір ұсталған — Дрисс Укабирді 36 жылға, Саид бин Яззуды сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрайды. Прокуратура Шемлял мен Укабирді лаңкестік топқа мүшелікке, жарылғыш заттарды жасап шығаруға және сақтауға және зиян келтіру ниетіне айыптады. Бұл істегі үшінші тұлға қылмысқа қатысты деген күдікке ілініп отыр.

Шілде айының басында Испанияның Ұлттық сот алқасы лаңкестік ұяшықтың болжалды үш мүшесіне қатысты сот тыңдауларын бастауға келісті. Тыңдаудың басталу күні әлі жарияланған жоқ.

 

2017 жылдың 17 тамызында Барселонаның орталығындағы туристік Рамбла көшесінде  фургон жүргізушісі жолаушыларды әдейі қағып кетті. Осыдан кейін Каталония полициясы автономияның оңтүстігінде Кембрильсте бес лаңкесті өлтірді. Олар Барселонада болған лаңкестік әрекетке ұқсас шабуыл жасауға тырысқан. 16 адам шабуылдардың құрбаны болды, шамамен 140 адам жарақат алды. Каталон астанасындағы лаңкестік шабуылды ұйымдастырушыны құқық қорғау органдары жойды. «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *