НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде. Колумбияның көші-қон қызметі «Шығанақ қауымы» — елдегі ең ірі қылмыстық топ басшысының інісін ұстады, деп РИА Новости хабарлайды.
«Колумбияның көші-қон қызметі Богота қаласында Колумбия азаматы, «07» лақап атымен белгілі, Арлей Антонио Усугу Торресті ұстады. «Отониэлдің» інісі, Усуга Торрес АҚШ-тан депортацияланғандарға арналған рейспен елге ұшып келген кезде ұсталды», — делінген хабарламада.
«07» Урабеньос қылмыстық тобының жетекшілерінің бірі, ол 2016 жылы есірткі саудасымен айналысқаны үшін АҚШ-қа экстрадицияланған.
Арлей Усуга құзырлы органдарға тапсырылды.