НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде. «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі барлық мұсылман қауымын ұлы мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтайды.
Қасиетті Құрбан айт мерекесі барлығымызға қуаныш пен бақыт әкелсін, отбасыларыңызға амандық пен молшылық әкелсін.
Баршаңызға мықты денсаулық, кәсіптеріңізге адалдық пен береке тілейміз.
Күндеріміз әрдайым мейрейлі, жұртымыз тыныш, Отанымыз аман болсын!
Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз, дұғаларыңыз қабыл болсын.