Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Талибан» содырлары ауғанаралық келіссөздер қарсаңында бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасады

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз.  Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында «Талибан» содырлары бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасап, кем дегенде алты полиция қызметкерін өлтірді. Бұл туралы eadaily.com-ға  сілтеме жасап  «Правильный выбор»  хабарлайды.

Кері соққы нәтижесінде үш содыр жойылып, тағы екеуі жараланды.

Осы аптада Дохада ауғанаралық келіссөздер жоспарланған, Кабул тарапынан белсенді дайындық жүргізілуде, делегация құрамы бекітілді. Келіссөздерді бастау үшін Талибан* шарттарының бірі АҚШ-пен келісілген 5000 тұтқынның соңғы 400-ін босату болды.

Кеше президент Ашраф Ғани оларды босату туралы жарлыққа қол қойғаны белгілі болды, алайда олар ең қауіпті және бітіспес исламшылардың бірі.

*Талибан — ҚР тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *