Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мурманск тұрғыны терроризмді қаржыландырды деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз.  Мурманск облысы бойынша ФҚҚБ тергеу бөлімі Мурманск тұрғынына қатысты терроризмді қаржыландыруға жәрдемдесу туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу мәліметтері бойынша, әйел адам Ресейде тыйым салынған ұйымды қаржылық қолдау әдістері туралы ақпаратты Интернетте орналастырған, деп аймақтық мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

«Ресейдің Мурманск облысы бойынша ФҚҚБ  тергеу бөлімі 1976 жылы туған Мурманск тұрғынына қатысты РФ ҚК 33 бабының 5 бөлігі, 205.1 бабаның 1.1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.Күдікті Ресейде тыйым салынған «Джебхат ан-Нусра» халықаралық лаңкестік ұйымының (ҚР-да тыйым салынған ұйым) басшылары мен мүшелері насихаттайтын исламдағы радикалды ағымдардың жақтаушысы бола отырып, терроризмді қаржыландыруға көмек көрсетті, атап айтқанда интернет — мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жоғарыда аталған лаңкестік  ұйымды қаржыландыру тәсілдері туралы мәліметтерді орналастырған», — делінген хабарламада.

Ол терроризмге жария түрде шақыруға байланысты тағы бір іс бойынша фигурант болып өтеді, өйткені ол тыйым салынған ұйымдарды қаржыландыруға итермелейтін мәлімдемелерді басқа пайдаланушылар үшін ашылған аккаунттарында да орналастырған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *