Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауласында есірткі өсірген атыраулық қолға түсті

АТЫРАУ, 19 тамыз. Атырау полицейлері Еркінқала селосы тұрғынының ауласынан өсіп тұрған 1898 түп есірткі шөптерін тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің қызметкерлері “Қарасора” алдын-алу шарасы барысында, қала шетінде орналасқан Еркінқала селосы тұрғынының үйінің ауласынан заңсыз өсірген 1898 түп қара сора тауып, тәркіледі. Тексеру барысында, полицейлермен осы мекен-жайдан бұдан басқа кептірілген сора табылып, алынды. Сараптама қорытындысымен кепкен сораның салмағы 1 килограмм 25 грамм болып шықты.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер ҚР Қылмыстық Кодексінің 300 және 296-баптары (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) және (Есірткі, психотроптық заттарын, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *