НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз. Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында исламистердің қарулы тобы жүздеген бейбіт тұрғынды кепілге алды, деп Le Parisien-ге сілтеме жасап zakon.kz жазады.
Жергілікті ақпарат көздеріне сүйенсек, «Батыс Африкадағы Ислам мемлекеті» * (ISWAP) лаңкестік тобы Кукава қаласын басып алып, бейбіт тұрғындарды тұтқынға алды.
Бұл адамдар аймақтағы қолайсыз жағдайға байланысты шамамен екі жыл бойы қоныс аударушылар лагерінде тұрып, жақында қалаға оралған.
Қазіргі уақытта Нигерияның қауіпсіздік қызметі тұтқындарға көмектесу үшін шаралар қабылдауда.
*ИМ — Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым