Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жыл басынан бері Павлолар облысы аумағында заңсыз айналымнан 243 кг әртүрлі есірткі заттары алынды

ПАВЛОДАР, 20 тамыз. Павлодар полицейлері 106 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі заманда есірткі заттарын пайдалану қоғамның әртүрлі әлеуметтік және жас топтардың санасын улайды. Бұл беталыс азаматтардың денсаулықтарына ғана қауіп төндірмейді, сондай-ақ есірткі заттарын пайдаланатын адамдар криминалдық жағдайды да шиеленістіреді. Сондықтан Павлодар полицейлері заңсыз айналымдағы есірткі заттары аясындағы құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау, жолын кесуге бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп отырады.

Биылғы жылдың өткен кезеңі ішінде Павлодар облысы аумағында 106 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде 56 қылмыс, 48 есірткі сату фактісінің жолы кесілді, төрт факті ірі көлемде есірткі заттарын сақтау, екі факті ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолын кесу. Заңсыз айналымнан 243 кг әртүрлі есірткі заттары алынды. Сонымен қатар, облыс аумағында 66 заңсыз айналымдағы есірткі заттарымен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Солайша, 18 тамызда Павлодар қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен 36 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ер адамның қалтасында белгісіз түссіз сұйықтық пен шприц табылып, алынды. Сараптама тағайындалды.

2018 жылы осы азамат Қазақстан Республикасы ҚК 187-бабының 1-бөлімі бойынша сотталып, 70 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылған болатын.

19 тамызда Мүткенов көшесінде патрульдеу кезінде патрульдік полиция қызметкерлері Баянауыл ауылының тұрғынын ұстады, оны тінту барысында сұр-жасыл түсті затпен қағаз түйіршік табылды, сараптама тағайындалды. Тәртіп сақшылары тұрақты негізде есірткіге қарсы үгіт-насихат аясында жұмысты жандандыру бойынша шаралар қолданылатынын атап өткен жөн. Мүдделі ұйымдар және еріктілермен бірлескен жұмыс нәтижесінде есірткіні жарнамалайтын граффиттер жойылып, нашақорлықты насихаттайтын интернет сайттар анықталып, блокталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *