Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ХМАО-да «Иегова куәгерлерінің» екі ізбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз.  Югорск қаласының (Ханты-Мансы автономиялық округі — Югра (ХМАО-Югра) екі тұрғынына қатысты Югорск қаласы мен Совет қаласы аумағында Ресейде экстремистік деп танылып, тыйым салынған «Иегова куәгерлерінің» идеологиясын насихаттайтын ұйымын құрғаны үшін «Экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастыру» бабы бойынша қылмыстық қозғалды.Бұл туралы РФ ТК аймақтық тергеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

 «Ресей Федерациясының Ханты-Мансы автономиялық округі — Югра бойынша Тергеу комитетінің тергеу басқармасының Югор  ауданаралық тергеу бөлімі ХМАО-Югра бойынша Ресей ІІМБ материалдары бойынша Югорск қаласының 42 жастағы және 48 жастағы тұрғындарына қатысты қылмыстық іс қозғады. Олар Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 282.2 бабының 1бөлігінде (экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастыру) көзделген қылмысты жасады деп күдіктелуде», — делінген хабарламада.

2017 жылдың  6 қыркүйегінен  2020 жылдың 18 тамызына дейін күдіктілер Югорск және Совет қалаларында жергілікті діни ұйымның қызметін ұйымдастырып, «Иегова куәгерлерінің» идеологиясын насихаттады, деп қосты баспасөз қызметінде. Тергеу басқармасының мәліметінше, күдіктілер  экстремистік ұйымның қатысушылары арасында міндеттерді бөліп, олардың қызметін бақылап, жалпы басшылықты жүзеге асырды, экстремистік әдебиеттерді таратуды, жергілікті тұрғындар арасынан жаңа мүшелерді тартуды, діни жоралар мен уағыздарды өткізу, экстремистік әдебиет пен идеологияны бірлесіп зерттеу мақсатында қатысушылардың жасырын жиындарын ұйымдастырды, ұйымның қажеттіліктеріне ақша жинау мен бөлуді жүзеге асырды.

Тергеушілер ұйымдастырушылардан жауап алуда, жақын арада сотқа оларды қамауға алу туралы өтініш жібереді. Ресей Федерациясының ТК  тергеушілері ХМАО-Югра бойынша Ресей ІІМБ қызметкерлерімен бірлесіп, экстремистік ұйымның ұйымдастырушылары мен басқа да қатысушыларының тұрғылықты жерлерінде 9 тінту жүргізді, онда байланыс құралдары, экстремистік әдебиеттер мен үнпарақтар тәркіленді.

2019 жылдың ақпан айында Сургут пен Урайдағы «Иегова куәгерлерінің» ұяшықтары жойылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *