НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз. Ингушетия Республикасы Сунженский ауданының Троицкое ауылында терроризмге қарсы операцияны өткізу аумағында қаруланған заңсыз құрылымның екі содыры өлтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Арнайы операция кезінде екеуінің көзі жойылды», — деді агенттікке сұхбат беруші.
«Дереккөз мәліметінше, терроризмге қарсы операция өткізу аумағында әскери қақтығыстың белсенді фазасы аяқталды. Атап өтілгендей, қақтығыс ауыл шетіне жақын, адамдар тұратын жерде болған. Аумақ қоршауға алынды.
Өлтірілген содырлар Ресей аумағында қызметіне тыйым салынған ДАИШ лаңкестік ұйымының жақтаушылары болған», — делінген ТАСС ақпаратында.
Терроризмге қарсы операция режимі жексенбі күні таңертең Ингушетиядағы Сунженский ауданы Троицкое елді мекенінде енгізілген болатын.