НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясындағы радикалды «Талибан» қозғалысының содырларының шабуылы нәтижесінде кемінде төрт полиция қызметкері қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды, деп 1TV News-ке сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан жазады.
Телеарнаның хабарлауынша, тәлібтер Пәкістанмен шекарада орналасқан Спин Болдак ауданындағы бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасаған.
Ауғанстанда үкімет күштері мен «Талибан» радикалды қозғалысының (ҚР тыйым салынған ұйым) содырлары қарсы тұруда, содырлар елдің ауылдық жерлеріндегі едәуір аумақты басып алып, ірі қалаларға шабуыл жасады.
Сондай-ақ, ел аумағында «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының (ҚР тыйым салынған ұйым) ықпалы күшейді. Ауғанстанның Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік күштері бүкіл ел бойынша терроризмге қарсы бірлескен операцияларды жүргізуде.