НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз. Бағдадтың «жасыл аймағына» жақын аудан жұмаға қараған түні ракетамен атылды. Бұл туралы Al-Hadath телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .
Телеарнаның хабарлауынша, Бағдадтың батыс маңынан үш ракета ұшырылып, Ирак астанасының үкіметтік мекемелер мен шетелдік дипломатиялық миссиялар, оның ішінде АҚШ елшілігі орналасқан бөлігінің жанында жарылды . Зымырандардың ашық алаңға құлағаны атап өтілді.
Құрбан болғандар жоқ, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.