НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек.Ауғанстанның солтүстік-шығысында орналасқан Тахар провинциясында мотоциклдің жарылуы салдарынан кем дегенде екі бейбіт тұрғын қаза тауып, 12 адам жараланды. Бұл туралы Tolo news телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды .
Телеарна ақпараты бойынша, мотоциклге бекітілген қолдан жасалған жарылғыш құрылғы іске қосылғанннан кейін бірнеше газ баллондары жарылған. Жарылыс орнына жақын орналасқан бірқатар дүкендердің ғимараттары зақымданды.
Басқа мәліметтер жоқ.