НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек.Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев ШЫҰ-дағы әріптестерін ұйымның Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құру бастамасын қолдауға шақырды, деп жазады inbusiness.kz .
Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы террористік, экстремистік және өзге де қылмыстық мақсаттарда ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану қаупінің артқанына назар аударды. Осы сын-тегеуріндерге қарсы күрес аясында Қазақстан тарапы терроризм мен діни экстремизм идеологиясына қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету жөніндегі интернет-ресурстар әкімшіліктеріне ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бірлескен коммюникесін (үндеуін) әзірлеуді ұсынды. Әсет Исекешев әріптестерін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр Бішкекте өткен ШЫҰ саммитінде ұсынған ШЫҰ ақпараттық қауіпсіздік орталығын құру бастамасын қолдауға шақырды.
Есірткіге қарсы бағыт бойынша өңірлік өзара іс-қимылдың, сондай-ақ ШЫҰ Хатшылығы мен ОАӨАҮО арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды жылдамдату маңызды екені айтылды.
Шара барысында Қазақстанның ШЫҰ кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық өзекті мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайту және құзыретті мемлекеттік органдар желісі бойынша өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға бейілді екені нақтыланды.
ШЫҰ — 2001 жылы құрылған халықаралық ұйым. Ұйымның мүшелері — Үндістан, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан.