НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек.Соңғы екі аптада Ауғанстанда «Талибан» қозғалысы содырларының шабуылдары салдарынан 98 бейбіт тұрғын қаза тауып, 230 адам жарақат алды, деп Анадолу агенттігі жазады.
Ауғанстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, тәліптердің шабуылдары елдің 24 провинциясында болған.
Зардап шеккендердің ең көп саны Тахар және Нангархар провинцияларында тіркелген.
«Талибан» бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.