Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияның солтүстігіндегі лаңкестік шабуылда 2 бейбіт тұрғын қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек. Сирияның солтүстігіндегі Расулайн ауданына жасалған екі лаңкестік шабуылында 2 бейбіт адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды, деп TRT жазады.

Шанлыурфаның Джейланпынар ауданының арғы бетіндегі Сирия жеріндегі Расулайн ауданына қарасты Тель-Халаф ауылында бомбалы шабуыл жасалды.

Аталмыш шабуылда қаза тапқан немесе жарақат алғандар жайлы мағлұмат берілмеді.

Алғашқы жарылыстың дәл артынан бірдей ауылда осы жолы бомба тиелген бір көлік жарылды.

Оқиғада бірі бала, екі бейбіт адам қаза тапты. Шабуылда 11 адам жарақат алды.

Жаралылар арасында ауыр күйдегі 2 жаралы Түркияға әкелінді.

Шабуылды тергеген жергілікті қауіпсіздік күштері шабуылдың YPG/PKK тарапынан жасалғанын болжауда.

Расулайн аудан орталығы 2019 жылы 12 қазан күні Түрік Қарулы күштерінің «Бейбітшілік бұлағы» операциясымен террордан тазаланған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *