НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек.Ауғанстанның Дайкунди провинциясында автокөлік жарылып, 11 адам қаза тапты. Бұл туралы 29 қыркүйекте 1TV News-ке сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.
Елдің ішкі істер министрлігі «Талибан» радикалды қозғалысының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) содырлары ұйымдастырған жарылыс кезінде тағы төрт адам жарақат алғанын мәлімдеді. Қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалар бар.
Радикалды қозғалыс өкілдері шабуылға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.