НҰР-СҰЛТАН, 08 қазан. Испанияның Каталония аймағының полициясы есірткіге қарсы ірі операция жүргізіп, 51 адамды тұтқындады, деп хабарлайды 24.kz.
Барселона қаласы мен оның шеткі аудандарында жүргізілген ірі шараға 1 мыңнан аса агент қатысты. Шаһарда 40-тан астам пәтерде тінту жүрді.
Полицияның мәлімдеуінше, бұл баспаналар есірткіні сақтау және сату ұясына айналған.
Айта кетейік, Испания полициясы өткен жылдары да осындай операция жүргізіп, көптеген есірткі тасымалдаушыларды ұстаған еді.