Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Елімізде жыл басынан бері заңсыз ай­налымнан 22 тоннадан астам есірткі тәркіленді 

НҰР-СҰЛТАН, 09 қазан. Нашақорлық – замана зауа­лы, әлем дерті. Күннен-күнге жаңа сипатпен белең алып бара жатқан бұл құбылыстан ең бір­ін­ші кезекте құқық қорғау ор­ган­дарының үздіксіз күресі құтқаратыны анық. Өйткені өр­кениет прогресінің ең биік шыңы – озық тех­нологиялық ком­му­никациялар да әзірге есірткі бизнесінің шырмауына қолайлы болып тұр. Қашанда қолға түспеудің қитұрқы жол­дарын іздейтін наркодилерлер онлайн жүйенің ұрымтал тұсын тапқан сияқты. Мұндай қатер алдында қоғам қорғансыз, адам қауқарсыз, деп аikyn.kz жазады. 

Сан тағдырды тәрк еткен DarkNet

Интернет байланысы өмір салтымызға дендеп енген сайын арам пиғылды топтар да оның барлық мүмкіндігін пайдалануда. Соның ең бір өзектісі – есірткіні өткізу тәсілінің «байланыссыз» сипатқа көшкені. Яки, бұрын «қол­дан-қолға» жүретін сауда қазір электронды түрде жүреді. Есірткі іздеген нашақор DarkNet сайттарының бірі­не кіреді де, ақы­сын төлеп, тап­сырыс қалдырады, оның тап­сырысын осы сайттардан «оңай ақша» іздеген есірткі курьер­лері­нің бірі шартты орынға жет­кізіп береді. Яки, адам аяғы аз жерге апарып жасырып кетеді. Нашақор оны жіберілген суреттер бойынша барып тауып алады. Мұндай курьерлерді олардың тілінде «минер» деп атайды екен. Осылайша, сауда тізбегіндегілер бір-бірін көрмейді, танымайды да. Мұндағы ақша аударымдары да киберәмиян, криптовалюта түрінде жүреді. Есірті өткізудің бұл «схемасы», әрине бұрыннан белгілі. Белгісізі – DarkNet сайтында отырған наркодилерлердің кім еке­­ні. Осы ретте, Ішкі істер ми­нистрлігі оларды ұстаудың барлық мүмкіндігін қарастыруда екенін айтады.

«Интернет желісіндегі тұрақты мониторинг нәтижесінде бүгінде есірткі таратуға қатысты 840 сайт, аккаунт және басқа да ресурстар анықталды. Оларды бұғаттау үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне хат жолданды. Осы ретте айтпағым, бұл ресурстардың домендері көбінесе шетелдерде, мәселен Ресейде орналасқан боп шы­ғады. Оларды табу үшін де ке­шен­ді шараларды жүзеге асы­рып жатырмыз. Ресей Феде­рациясының ішкі істер министр­лігімен осы уа­қытқа дейін 3 бір­лескен шара өт­кіздік. 2 есірткі зерт­ханасын анықтап, жойдық. 55 ке­ліден астам синтетикалық есірт­кіні,  шикізат ретінде пай­да­ланылатын 106 келіден астам химиялық элементтерді тәркіледік. «Байланыссыз» тәсілдің тізбе­гін толық қолға түсіруде әзірге халықаралық заңнамада қиын­дық­тар бар. Әйтсе де, жедел жағ­дай толық қадағалауда», – дей­ді ІІМ Есірткі қылмысына қар­сы іс-қимыл департаменті Ве­домствоаралық үйлестіру және про­филактика басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бақытжан Әмірханов.

«Химия» қайда да қауіпті

Одан кейінгі өзекті мәселе бұрынғы дәстүрлі өсімдік негізді есірткілердің орнын синтетикалық есірткілердің, былайша айтқанда химиялық психотропты заттардың басып келе жатқаны. Халық ара­сында «тұз» деген жалпылама атау­ға ие мұндай есірткілер өндіру­ге оңай, алып жүруге шағын және оған сұраныс та жоғары. Бі­рақ денсаулыққа зияны екі есе зор. Табиғи есірткідей емес, әсе­рі анағұрлым қатты, бірінші тұ­тынғаннан-ақ тәуелділікке алып келеді.

«Синтетикалық есірткі дегені­міз – ол бірнеше психобелсенді элементтердің химиялық қоспасы. Сондықтан да олардың ең бі­рін­ші қаупі – адам ағзасында  ме­та­­болизмге түспейтіндігі. Яки, ыдырамайды және өте баяу шы­ғады, әлде мүлдем шықпай қалып қоюы мүмкін. Ең бірін­ші кезекте адамның миын­да және орталық жүйке жүйе­сі – жұлынында жина­лып қала­ды да, оның биохимиясын бұза­ды. Тұтынған адам бірден ойлау қабілеті төмендеп, ұйқысы бұзы­лып, бей-берекет қорқа беретін күйге түседі. Одан кейінгі залалы иммунитетке тиеді. Былайғы ау­ру­ларды айтпағанда, кішігірім жара­ның өзі ұзақ жазылатын болады. Бұл, әсіресе қыз балаларға қауіп­ті», – дейді «Ренессанс-Астана» ме­ди­цина орталығының бөлім мең­герушісі Ярослав Савченко.

Насихаттайтындар да айылын жия бастады

Заман өзгерген сайын жаңаша сипат алып келе жатқан зауалмен жұмыстар қарсы іс-қимыл си­патында да, профилактикалық мақсатта да жүруде. Бірақ есірт­кінің саны мен түрі, химиялық формуласы өзгеріп жатыр. Бұл есірткімен ұсталғандардың кінә­сін анықтауға үлкен кедергі еді. 2018 жылғы 27 желтоқсанда қолданыстағы заңнамаға жиыр­маға жуық түзету енуінің арқа­сында Үкіметке бірқатар мүм­кін­­дік берілді. Электронды ақ­­­парат­­тық ресурстарды пайдалана оты­­рып жасалатын есірткінің заң­сыз айналымына қатысты жауап­кершілік қатаңдатылды.

Ең бастысы, азаматтарды есірт­кінің заңсыз айналымына тарту мақсатында насихаттау не­месе заңсыз жарнамалауға қыл­мыстық жауаптылық енгізілді. Бұрын әкімшілік жауапкершілік болған кезде наркодилерлер мұны азаматтарды алдауға қат­ты пайдаланатын. Бұл әрекет үшін қазір 3 жылға дейін бас бос­­тандығынан айыру, ал ауыр­латылған жағдайларда 3-6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Заңға түзетулер енгізілген сәттен бері Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі «Электронды ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып есірткі өткізу» бойынша 23 қылмыстық іс қозғалған, оның 10-ы айыптау қорытындысымен сотқа жолданған. Ал есірткіні на­сихаттау және жарнамалау фак­тілері бойынша сотқа дейінгі 64 іс тіркелді, оның 9-ы соттарда қа­ралуда, 27-і өндірісте, 28-і қыс­қартылды.

Жалпы, жыл басынан бері 9 айда 1 750 қылмыс анықталды, оның 1 082-сі өткізу, 266-сы заң­сыз сақтау фактілері. Заңсыз ай­налымнан 22 тонна 53 келі есірткі тәркіленді. Оның ішінде 3,3 келі – героин, 5 тонна 929 келі – марихуана, 415,2 келі – гашиш, 83,4 келі синтетикалық есірткі бар. 6 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, Қылмыстық кодекстің 262-бабы «Ұйымдасқан қылмыстық топтарды ұйымдастыру және оған қатысу» бойынша 11 қылмыстық іс қозғалды, оның шең­берінде 6 көшбасшы және 21 қатысушы қылмыстық жауап­кершілікке тартылды. 5 есірт­кі зертханасы жойылды. Син­тетикалық есірткілердің заңсыз айналымына байланысты 438 құ­­қық­бұзушылық, оның ішінде 198 өткізу, 46 сақтау, 194 теріс қылық дерегі тіркелді. Сондай-ақ жұртшылықтың, жергілікті ат­қарушы органдардың, ПИК және ҮЕҰ-ның атсалысуымен 3 500-ден астам граффити-сурет жойылды.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес­тегі ең жаңа дерек әрі ең ірі партия өткен аптада Түркістан облысында тіркеліпті. Шолаққорған ауылы маңында «Tойота» маркалы авто­­көлігінен 47 келі 958 грамм га­шиш және 664 келі 910,37 грамм кептірілген марихуана табылған. Есірткі бизнесімен күрес нәти­желері көңіл қуантады. Бұл құ­қық қорғау құрылымдарының за­мана зауалынан қаншама адам­ның өмірін арашалап қалып жат­қанын білдірсе керек. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *