НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан. Чехияның Острава қаласының сотының шешімі бойынша Словакияның 51 жастағы тумасы Роман Марианчик қалада террористік шабуылдар ұйымдастырамын деп сес көрсеткені үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Чехия радиосына сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.
Тергеу мәліметтері бойынша, сотталған сәуір айында төтенше жағдайлар қызметіне бірнеше рет қоңырау шалып, Остраваның ірі дүкендері мен сауда орталықтарында жарылыстар ұйымдастырамын деп қорқытқан.
Сонымен бірге Марианчик өзін «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының (ҚР тыйым салынған ұйым) содыры деп атады, ол ел билігінен миллион доллар төлеуді және оны Ауғанстанға жеткізетін ұшақпен қамтамасыз етуді талап етті.
Айыпталушы өз кінәсін мойындап, сотта бұл әрекеттерді мас күйінде жасағанын мәлімдеді.