НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. Өткен жылдың басынан бастап Солтүстік Кавказда 19 лаңкестік әрекеттің алды алынып, 60 содыр жойылды, деп Ұлттық терроризмге қарсы комитетті (ҰТК) хабарлады. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап REGNUM АА жазады.
Сонымен қатар, 13 қазанда Мәскеуде ҰТК басшысы — Ресей ФҚҚ директоры Александр Бортниковтың төрағалығымен ҰТК отырысы өткендігі көрсетілген.
«Бортников қатысушыларға 2019 жылдың басынан бастап Солтүстік Кавказда 36 террористік қылмыстың алды алынғаны, оның ішінде 19 террористік актінің, 60 содырдың жойылғаны, 144 бандит пен 220 сыбайластың ұсталғаны және 35 жасырын ұяшық қызметінің жолы кесілгені туралы хабардар етті », — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, лаңкестік ұйымдардың жақтаушылары аймақта лаңкестік идеологияны таратуға және Интернет арқылы жақтастарын тартуға тырысып жатқандығы нақтыланған.