Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын талқылау бойынша кеңес өтті

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан. Бүгін 14 қазанда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын талқылау бойынша кеңес өтті, деп Министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Кеңеске облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен елорда әкімдерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Антитеррорлық орталығы Штабының өкілдері, сондай-ақ облыстық дін саласына уәкілетті басқармалардың басшылары қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері — мемлекеттің зайырлы қағидаттарын нығайту, діни бірлестіктермен тығыз ынтымақтастық, сондай-ақ радикалды идеологияның қоғамда таралуына жол бермеу екенін атап өтті.

Кездесу барысында жергілікті атқарушы органдарға олардың дін саласындағы қызметін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *