НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан. Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында Францияда Интерполдың қызыл циркуляры бойынша іздеуде жүрген ДЕАШ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) террористік ұйымының мүшесі Соумая Раисси ұсталды, деп хабарлайды Anadolu .
Алынған ақпаратқа сәйкес, 30 жастағы террорист әйел Тунис тумасы.
Ол Түркияға жалған сириялық паспортпен келген.
Сейхан ауданында Адана полициясымен ұсталды.