НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан. Францияның Безансон қаласынын 19 жасар студент қызы тарих пәнінің мұғалімі Самуэль Патиге жасалған қастандықты қолдағаны үшін төрт айға шартты түрде айыпталды, деп Le Figaro-ға сілтеме жасап REGNUM АА жазады.
Бойжеткен әлеуметтік желіде мұғалімнің өлімі «лайықты» деп пікір жазды. Ол «терроризмді ақтады» деген айыппен сотталды. Сот отырысында студент өзінің қателік жасағанын мойындады. Сондай-ақ, ол бұл пікірді не үшін қалдырғанын түсінбейтіндігін айтты.
Тергеуші сотталушыға алты айға шартты түрде бас бостандығынан айыруды және 180 сағат мәжбүрлі жұмыс істетуді сұрады.
REGNUM хабарлағандай, 23 қазанда Франция премьер-министрі Жан Кастекс француз билігі Самуэль Патиді аяусыз өлтіргеннен кейін мемлекеттік қызметкерлердің қорғанысын күшейтеді және әлеуметтік желілерге бақылауды күшейтеді деп мәлімдеді.