НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан. Ауғанстан қауіпсіздік күштері Федералды тергеу бюросының ең іздеудегі террористерінің тізіміне енген «Аль-Каиданың» аға жетекшісі Абу Мухсин әл-Масриді жойды, деп хабарлайды Reuters Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік басқармасына (NDS) сілтеме жасап.
АҚШ-тың Ұлттық терроризмге қарсы орталығының басшысы Крис Миллер мәлімдемесінде әл-Масридің өлімін растап, оның «соғыс алаңынан жойылуы үнемі стратегиялық шығындарға ұшырап отырған террористік ұйым үшін өте үлкен сәтсіздік» деп мәлімдеді.
Аль-Каиданың әл-Масриден айырылуы — «террористік ұйымның тиімділігі төмендегенін көрсетеді», деп жалғастырды Миллер.
Америка Құрама Штаттарында әл-Масриді шетелдік террористік ұйымға материалдық қолдау мен ресурстар берді, сондай-ақ АҚШ азаматтарын өлтіруге қастандық жасады деп айыптады.