Францияның Ницца қаласында пышақпен қаруланған ер адам көшеде жүрген азаматтарға шабуыл жасады. Салдарынан 3 кісі көз жұмып, бірнешеуі жарақат алған. Бұл туралы құқық қорғау органдары мен жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасай отырып 24.kz хабарлады.
Анықталғандай, оқыс оқиға осыдан бірнеше сағат бұрын Нотр-Дам шіркеуі маңында болған. Қазір ол жерде саперлер жұмыс істеп жатыр. Ал күдікті болса, ауруханаға жеткізіліпті.
Жалпы полиция қызметкерлерінің айтуынша, шабуылды бір емес, екі адам ұйымдастырған болуы мүмкін. Осыған байланысты қазір іздеу операциясы жүріп жатыр екен. Өз кезегінде осы оқиғаға қатысты пікір білдірген шаһар басшысы оны «террорлық шабуыл» деп атады.