НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан. ЕО басшылары бейнеконференция форматында өткен саммитте терроризм жағдайында Франциямен ынтымақтастық туралы бірлескен декларация қабылдады. Декларацияның мәтінін Еуропалық кеңестің баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды «Киевский ТелеграфЪ».
«Біз, ЕО басшылары, Франциядағы лаңкестік шабуылдарды ең қатал түрде айыптаймыз, бұл біздің ортақ құндылықтарымызға жасалған шабуылдар. Біз терроризм мен экстремизмге қарсы ортақ күресімізде Франциямен, оның халқымен және Үкіметімен ынтымақтасамыз. Біз бүкіл әлем басшыларын бөліну үшін емес, қауымдастықтар мен діндер арасындағы диалог пен өзара түсіністік үшін әрекет етуге шақырамыз», — делінген мәлімдемеде.
Пышақпен қаруланған ер адам бейсенбі күні таңертең Ниццаның орталығындағы Нотр-Дам соборының келушілеріне шабуыл жасады. Кем дегенде үш адам қаза болды. Полиция шабуылдаушыны тұтқындады, ұстау кезінде оған бірнеше оқ атылды, ол ауруханаға жеткізілді. Жергілікті билік бұл оқиғаны лаңкестік шабуыл ретінде сипаттайды. Еуропалық БАҚ-тар қылмыскер қыркүйек айында Солтүстік Африкадан ЕО-ға келген заңсыз мигрант болып табылады, деп хабарлайды.