НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Полиция Венада террорлық шабуыл жасаған содырдың есімін анықтады, деп хабарлайды 24.kz.
Ол Австрия және Солтүстік Македонияның азаматы болып шықты. Жасы 20-да, ұлты – албан. Террорлық әрекет жасар алдында Instagram желісіндегі парақшасында қару ұстаған суретін жариялапты. Шілде айында ол Сирияға баруға әрекет жасағаны белгілі. Бірақ арнайы қызметтер оны жіберген жоқ.