НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша. Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» операциясының аймағына енуге тырысқан КЖП лаңкестік ұйым мүшелері залалсыздандырылды, деп TRT жазады.
Ұлттық Қорғаныс министрлігі КЖП (PKK/YPG) лаңкестік ұйымның 14 мүшесінің залалсыздандырылғанын хабарлады. Министрлік әлеуметтік желідегі хабарламасында «Бейбітшілік бұлағы» операция аймағында лаңкестік ұйымына тыныштықты бұзуға жол берілмейтінін білдірді.
Түрік Қарулы күштері Сирияның солтүстігін «Бейбітшілік бұлағы» операция арқылы терроризмнен тазалаған болатын.