НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша.Бенишангүл-Гумуз штатында жолаушылар автобусына белгісіздер шабуыл жасады, деп Анадолу агенттігі хабарлайды.
Эфиопияда жолаушылар автобусына жасалған қарулы шабуыл 34 адамның өмірін қиды.Бұл туралы Эфиопия адам құқықтары жөніндегі комиссиясының (EHRC) Twitter-дегі парағында хабарланды.
Шабуыл сенбіден жексенбіге қараған түні елдің солтүстік-батысындағы Бенишангүл-Гумуз штатында болды.
Құрбан болғандардың саны артуы мүмкін деген қорқыныш бар.
Шабуылдың ұйымдастырушылары әлі белгісіз.
Үшінші қарашада Тыграй провинциясын басқаратын Тыграй халықтық азат ету майдан күштері ұлттық армия бөлімшелеріне шабуыл жасады.
Үш күннен кейін Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед халықтық азат ету майдан күштеріне қарсы әскери операция басталғанын хабарлады.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, халықтық азат ету майдан күштері Эфиопияның бірнеше провинциясына, сондай-ақ Эритреяның астанасы Асмэраға армияны қолдайды деген сылтаумен зымыран атқан.
Адамдар елдің солтүстік аймақтарынан Суданға қашып жатыр.