Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚК: Трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша. Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық қылмыстық топты ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың сәуір-қазан айлары кезеңінде ҚР ҰҚК шетелден ҚР-ға синтетикалық есірткі жеткізуді, сондай-ақ оларды жасауды және «Борат24» интернет-дүкені арқылы сатуды жүзеге асырған трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды операция өткізді.

«Трансұлттық есірткі құрылымындағы 34 қатысушы ұсталып, 8 есірткі зертханасы жойылды. Еліміздің ірі мегаполистері – Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкентке контрабандалық жолмен жеткізілген 40 келі психотроптық зат алынды. Алынған есірткінің қара нарықтағы бөлшек құнының болжам бағасы — 600 миллион теңге.

Одан басқа, «биткоиндар» сатып алу және оларды шетелге шығару бойынша қаржы операцияларын жүзеге асыру жолымен есірткі сатудан алынған ақшалай қаражатты заңдастыруды ұйымдастырған заңсыз криптайырбастауыштар әрекетінің жолы кесілді», — делінген хабарламада.

Бұл ретте алынған ақшаны заңдастыру үшін көмекшілер жасаған 6 жылжымалы майнинг фермасы анықталды. Есірткі сатумен айналысқан құрылымының көмекшілері 2 жылда (2018 жылғы қаңтар мен 2019 жылғы желтоқсан аралығында) 2,5 миллиард теңгеден аса соманы заңдастырған.

Бұл деректер Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 4-тармағы, 264-бабының 2-тармағы, 286-бабының 4-тармағы және 218-

бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *